26 наурыз 2015 19:23

Қарағанды облысының 6 ауылы мен Қаражал қаласын су басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы су тасқыны. Басы-қасында болғандардың суреті. Қарағанды облысындағы су тасқыны. Басы-қасында болғандардың суреті.

Қарағанды облысының алты ауылы мен бір қаласын еріген қар суы басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, көктемгі су тасқыны Қарағанды облысының елді мекендерінде 24 наурызда басталды.


Қарағанды облысының алты ауылы мен бір қаласын еріген қар суы басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, көктемгі су тасқыны Қарағанды облысының елді мекендерінде 24 наурызда басталды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазір Қарағанды облысындағы су тасқының салдарынан Шет ауданындағы Ағадыр - Ортау - Өспен жолдарын су шайып, Жаңаарқа ауданы Атасу станциясындағы көшелер мен үйлердің аулалары, Қарқаралы ауданының төрт ауылы мен Шет ауданының бір ауылы су астында қалды. Сонымен қатар, Қаражал қаласының бес қабатты үш үйі мен бірқатар көшесін еріген қардың суы басып қалды.

"Жаңаарқа ауданы Атасу станциясындағы 33 тұрғын үй мен аула аумақтарын және кірме жолдардың су астында қалу қаупі бар. Қауіпсіздік үшін үйлерден 41 адам мен үй жануарлары эвакуацияланды. Қар суын бұрып жіберу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіндегілер Қарағанды облысындағы су тасқынына байланысты.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің мәліметінше, Шет ауданындағы Ағадыр ауылында қар мен жаңбырдың суы су жіберетін арықтарға толып қалып, тұрғын үйлерге қарай бет алған. Судың ағыны Ағадыр - Ортау - Өспен жолдарын шайып, 23 көше мен 101 үйді басып қалды. Сонымен қатар, Қарқаралы ауданындағы Бүркітті, Қаракөл мен Матақ ауылдарын су басады деген қауіп бар. Бұл жерлерде қар суын бұрып жіберу шаралары жүргізіліп жатыр. Матақ ауылының тұрғындары қауіпсіз жерлерге көшірілді. Апат болған аймақтардың тұрғындары Қарқаралы ауданы Тоқтар Әубәкіров атындағы ауылға жеткізіліп жатыр.

Бұған дейін, Қарағанды облысындағы су тасқынының салдарынан ондаған үйдің су астында қалғаны хабарланған болатын. Шет ауданы Ағадыр станциясының жергілікті тұрғындары су тасқынының 24 наурызда кешкі сағат 17.00 шамасында басталғанын айтты. "Жарық жоқ, су кіріп жатыр, үйдегі жиһаз бүлінді, су кешеден бері белге дейін жетті, кетпей жатыр. Су күрт ағылды", - деді зардап шеккен Гүлмира Жазықбаева. Оның айтуынша, жергілікті тұрғындардың бірінің апат салдарынан 40-қа жуық қойы мен ешкісі қырылып қалған. Оқиға орнына жергілікті және облыстық басшылар келді. Жазықбаеваның сөзіне қарағанда, олар үйлері зақымданғандарға көмек көрсетеміз деп сөз беріпті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети