Қарағанды облысында бұрынғы полицей 200 мың теңге тұратын сиырды ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында бұрынғы полицей 200 мың теңге тұратын сиырды ұрлап кеткен © pexels.com

Ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкері Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғынының сиырын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкері Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының тұрғынының сиырын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сиыр иесіне 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіріліп отыр. Күдіктінің бұрынғы полицей Мусин М. екені анықталды.

"Қылмыстық іс Қарқаралы ауданының ІІБ өндірісінде болды. Сиырдың Қарқаралы ауданы Жаңатоған ауылдық округінің тұрғынына тиесілі екені анықталды. Күдікті ұсталды, кінәсін толықтай мойындады", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Бірақ кейінірек, полицейлердің мәліметінше, ер адам сиырдың иесіне материалдық шығынды өтеп, екі тарап татуласып, қылмыстық іс жабылған.

Өңірлік ІІД баспасөз қызметінің өкілдері Мусиннің полицияда 1996-2011 жылдар аралығында жұмыс істегенін айтып өтті. "Алайда қылмыс кезінде Мусин М. полицияда қызмет еткен жоқ", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети