Қарағанды облысындағы балабақшаның ашылуы жалған болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы балабақшаның ашылуы жалған болып шықты "24.kz" телеарнасының видеосынан алынған кадр

Қарағанды облысы Қарамұрын ауылындағы мини-орталықтың ашылуы жалған болып шықты. Балабақша сәбилерді қабылдай бастағанымен, СЭҚ-тен ешқандай рұқсат қағазы алынбаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы Қарамұрын ауылындағы мини-орталықтың ашылуы жалған болып шықты. Балабақша сәбилерді қабылдай бастағанымен, СЭҚ-тен ешқандай рұқсат қағазы алынбаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталықтың ашылу рәсімі 20 қазанда өтті. Шараға ауыл тұрғындары, ауыл әкімі мен аудан әкімінің орынбасары Азамат Әбілдин қатысты. Шенеуніктер ауылдастарын құттықтап, балаларға теледидар да сыйлады. Лента салтанатты түрде қиылып, жиналғандар жаңа ғимаратты тамашалауға шақырылды.

Алайда орталық басшысы Айгүл Асылбекованың айтуынша, СЭҚ балабақшаны әлі тексермеген. "Тұрғындардың өздері асықтырды. Сондықтан кеше ашылу салтанатын өткіздік. Бірақ СЭҚ бізді әлі тексерген жоқ. Күтіп отырмыз. Олар санитариялық тораптың балалар жасына сәйкестігін тексерулері тиіс. Сонымен қатар, олар жарық пен жылу режимін қарауға міндетті", - деп мәлімдеді ол.

"Балаларды әзірше қабылдап жатқан жоқпыз", - дейді директор. Алайда ауыл тұрғындарының айтулары басқа. Олардың сөзіне қарағанда, сәбилерге орталыққа баруға рұқсат етілген. Ата-аналар балаларын сағат 10.00-ден түске дейін апара алады. Қазір ауыл тұрғындары балабақшадағы құжатнама жағдайына да алаңдап отыр. Олар мини-орталықтың көзбояушылық танытпай, тиісті деңгейде жұмыс істегенін қалайды.

"Оларда СЭҚ-тің құжаты жоқ. Сонымен қатар, тәрбиешілер мен бала бағушыларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтары да жоқ. Сонда бұл не? Мини-орталықты біз үндемесін деп қана ашты ма?", - деп сұрады ауыл тұрғыны Қарлығаш Жұмағалиева.

Айта кетейік, Қарағанды облысы Қарамұрын ауылындағы мектептің бұрынғы директоры Кәмшат Сүлейменова оқу орнын жеке үйіне айналдырып, кейін оны оқушыларға қайтарып берді. Ауыл тұрғындары ол үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазуға мәжбүр болғандарын айтты. 

Кейін ол ғимараттан мини-орталық ашылды, төрт миллион теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ол қаржыны әкімдік бөлген. Орталыққа жаңа жабдықтар, ойыншықтар мен қажетті бұйымдар қойылды. Ғимараттың ішінде қазір бір сынып бөлмесі, үлкен ойын бөлмесі, гардероб, мұғалімдер бөлмесі мен санитариялық торап бар. Сонымен қатар, аулаға қазандық тұрғызылған. Тәрбиешілер мен бала бағушылар жұмыстарына кірісті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети