Қарағанды облысының тұрғындары мамыр соңында аққала жасап жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының тұрғындары мамыр соңында аққала жасап жүр

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бақты ауылында қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бақты ауылында қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қардың суреттері Instagram желісінде жарияланды. Бір суретте бала аққаланың жанында түскен. Автор суреттің 28 мамырда жасалғанын айтады. Қар түскені жайлы Қарқаралы ауданының басқа да тұрғындары айтты. 

"Қазгидромет" РМК Қарағанды облыстық филиалы қар түскенін растады. 

"Қарқаралы ауданында бүгін төрт сантиметр қар түсті. Тұман болды. Қазіргі уақытта жеті градус жылы, барлығы еріп кетті. Түнде жауын болмайды, ауа температурасы - 2 болады. Оңтүстік батыстан секундына 7-12 сантиметр жел тұрады. 29 мамырда күндіз 12-15 градус жылы болады", - деді ведомствоның кезекші синоптигі.

Жалпы алғанда, синоптиктердің мәліметінше, таяуда Қарағанды облысында ауа райы құбылмалы болады. Облыстың шығыс бөлігінде, Ақтоғай және Шет аудандарында аяз болады. Күндіз ауа райы жылы болады, шамамен 15 градус. Облыстың оңтүстігі мен солтүстігінде ауа температурасы имнус екіге дейін барады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети