Қарағандыда дизель отыны таусылды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда дизель отыны таусылды - БАҚ ©Ярослав Радловский

Қарағандыдағы май құю бекеттерінде дизель отыны таусылды, - деп хабарлайды "Новый вестник". Басылымның мәліметінше, отынды талонмен де бермей жатыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы май құю бекеттерінде дизель отыны таусылды, - деп хабарлайды "Новый вестник". Басылымның мәліметінше, отынды талонмен де бермей жатыр.

"ҚазМұнайГаз" бен Helios бекеттері бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ. Қазіргі уақытта дизель отынының қалған азғана бөлігі жеке шағын бекеттерде сатылып жатыр. Жағармай тапшылығының себептері белгісіз. Басылымның хабарлауынша, қалыптасқан ахуал жүк тасымалдаушыларға, шағын көлік мекемелері мен алыс жолға қатынаушыларға қолайсыздық туғызып отыр. Отынның артық қорын жинап алған автобус парктері әзірше бұрынғы режимде жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанға Ресейден жанар-жағармайдың, соның ішінде, дизель отынының қосымша көлемі жеткізілетіні хабарланған еді. 2014 жылдың тамызында "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС 34 мың тонна мұнай өнімін импорттау үшін ресейлік "Башнефть" және "ЛУКОЙЛ" компанияларымен келісімшартқа отырған. Оның 10 мың тоннасы - АИ-92, 5000 тоннасы - АИ-95, 19 мың тоннасы - дизель отыны. Мұнай өнімдерінің жеткізілетін мерзімі - тамыздың соңы мен қыркүйектің басы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети