Қарағандыда дүкен сөрелерінде эротикалық "шоколад жұмыртқалар" пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда дүкен сөрелерінде эротикалық "шоколад жұмыртқалар" пайда болды © Тengrinews.kz

Қарағандыда "шоколад жұмыртқалар" ішінен Love is кейіпкерлерінің жалаңаш суреттері бар қағаздар мен ойыншықтар шыққан, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бала кезден таныс Love is қаптамасында кейіпкерлердің тыржалаңаш тұрған суреттері бейнеленген және ішінде ойыншықтар бар. 

Tengrinews.kz тілшісі ерекше "сюрприздерді" зерттеп, қауесеттердің шын екенін растады. 

Әр "жұмыртқада" бір-бірден кейіпкер бар. Өндіруші 14 фигурадан 7 жұп жинауды ұсынады. Өндірушілер осы кейіпкерлердің жалаңаш бейнеленгенін біле ме, жоқ па, белгісіз. Мұндай "сюрприз" құны 440 теңге, ал қарапайым Kinder 320 теңге тұрады. 

Жас ана Әйгерім Мұхаева мұндай ойыншықтарға наразы. "Менің ойымша дүкендерде мұндай ойыншықтар сатуға тыйым салынуы керек. Бұл нағыз эротика. Мен ана ретінде мұндай жұмыртқа сатып алмасым анық, бірақ балалардың өздері алмасына кім кепіл?", - деді қарағандылық жас ана. 

Балалар психологы Айгүл Теннің ойынша, жалаңаш ойыншықтар бала психикасына қатты ісер етеді. "Әр нәрсе өз уақытында. 5-10 жаста балалар дамып, әлемді тануы тиіс, бірақ ер адам мен әйелдің жыныстық мүшелерін тану емес", - дейді маман.   

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети