Қарағандыда көне домбыра табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда көне домбыра табылды

Қарағандыда көне домбыра табылды, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда көне домбыра табылды, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.

Құнды жәдігер шертпе күй орталығының жетекшісі Қайролла Сәдуақасовтың қолында сақтаулы. Қайролла ағамызға ұлттық аспапты Мойынты ауылында тұратын Рахманали Әбеуов ақсақал табыстапты. Ал қарияға қара домбыра 1932 жылы әкесінен мұра болып қалған. Содан бері Рахманали ата оны көзінің қарашығындай сақтап келген.

"Кешегі Сембек, Әбди, Қыздарбектердің қолы тиген домбыра. 1900 жылы жасалған. Осы домбыраны реттеп, жөндеп, сахнаға алып шығамын ба деп отырмын. Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламасы шықты. Бұл бізге өте керемет қолдау болып отыр", - деді "Күй керуен" шертпе күй орталағының жетекшісі Қайролла Сәдуақасов

Қазақтың ұлттық күй өнерін зерттеп жүрген Қайролла Сәдуақасовтың айтуынша, бұл көне домбырада атақты Қыздарбек, Әбди, Сембек күйшілердің ойнауы әбден мүмкін. Себебі олардың барлығы осы Шет өңірінде өмір сүрген. Домбыра да сол уақыттарда жасалыпты. Қайролла ағамыз жәдігерді мұражайға тапсырмайтынын айтады. Көне аспапты қайтадан қалпына келтіріп, алдағы күзде өтетін Әбікен Хасенұлының 125 жылдығына арналған республикалық фестивальде күй орындамақшы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети