Қарағандыда жүргізушіні қуамын деп мерт болған полицейді ақтық сапарға шығарып салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда жүргізушіні қуамын деп мерт болған полицейді ақтық сапарға шығарып салды © Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінен

Қарағандыда қызметтік бабын атқару кезінде мерт болған полицей Рүстем Айтмағанбетовты ақтық сапарға шығарып салып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда қызметтік бабын атқару кезінде мерт болған полицей Рүстем Айтмағанбетовты ақтық сапарға шығарып салып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рүстеммен қоштасу үшін мешітке 500-ден аса адам жиналды. Жиналғандар арасында туысқандары, жақындары, әріптестері мен достары. Қайтыс болған полицей Қарағандыда туып өскен, бірақ Астанада қызмет атқарып, тұрып жатқан болатын. Отбасын құруды жоспарлап жүрген. Туғандарының айтуынша, жігіттің сүйген қызы болған. 

Рүстем Айтмағанбетовтың 20 жастағы інісі бар.  

Еске салайық, 26 желтоқсан күні полиция сержанты Айтмағанбетов "Екатеринбург - Алматы" тасжолында жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылау бойынша қызметін орындап тұрған. Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылы маңында жылдамдықты асырып, жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушінің соңына түсіп, жол ортасындағы сүйеуге соғылып қалған.

ІІБ мен ҰҰ ардагерлерінің кеңесі және Ақмола облысының Ішкі істер департаментінің жеке құрамы полиция сержантының қайғылы қазасына байлансты отставкадағы полиция старшинасы Серік Айтмағанбетовке және тусытары мен жақындарын көңіл білдіріді.

Полицияға Айтмағамбетов Рүстем ұзақ жылдар ішкі істер органдарында қызмет еткен әкесі әкесінің ізімен келген. Айтмағамбетов Серік қызметін 1991 жылы жол-патрульдік полициясының шенінде бастап, 25 жыл бойы қызмет еткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети