Қарағандылық шенеунік қоластындағы жұмысшыны ар-ұяттан безген деп тіл тигізген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылық шенеунік қоластындағы жұмысшыны ар-ұяттан безген деп тіл тигізген Еркебұлан Ағымбаев. © karkultura.gov.kz

Қарағандыда мәдениет басқармасының басшысы қоластындағы жұмысшыны ар-ұяттан безген және ақыл-есі ауысқан деп тіл тигізген. Шенеунік қызметтік этиканы сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оған сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда мәдениет басқармасының басшысы қоластындағы жұмысшыны ар-ұяттан безген және ақыл-есі ауысқан деп тіл тигізген. Шенеунік қызметтік этиканы сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оған сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облыстық тәртіп кеңесі мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаевқа қатысты тәртіптік істі қарады. Мемлекеттік қызметтің бақылау басқармасының бас маманы Марат Рақымжановтың мәліметінше, Ағымбаев қызметтік этиканы бұзған - шенеунік қол астындағы жұмысшы Сұңғат М.М-ді ар-ұяттан безген және ақыл-есі ауысқан деп тіл тигізген. Қызметтік тексеріс барысында қызметтік тәртіптің бұзылғаны өз дәлелін тапқан.

Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметкердің бұл әрекетін тәртіпсіздік деп бағалады.

"Мәдениет басқармасының басшысы облыстағы ең мәдениетті адам болуы тиіс. Ол басқаларға үлгі болуы тиіс. Оған ескерту жариялауды ұсынамын", - деді тәртіп кеңесінің төрағасы Жандос Сәрсенов. Алайда басқа қатысушылар сөгіс жариялауға дауыс берді. Кінәлінің өзі жұмысының көптігін айтып, отырысқа қатысқан жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети