Қаражат жымқырғаны үшін айыпталған Мирхат Әлімбетов Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаражат жымқырғаны үшін айыпталған Мирхат Әлімбетов Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды © Prokuror.gov.kz

Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап еткені үшін айыпталып жатқан Мирхат Әлімбетов Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол Астанаға 5 сәуірде жеткізілді.

"Әлімбетов "Какаду" ЖШС-нің негізін қалаушысы және директоры бола отырып, Астанада 2005-2008 жылдар аралығында "Қыпшақ" тұрғын-үй кешенін салу барысында 397 043 330 теңге сомасында салымшылардың ақшасын және 434 541 991 теңге сомасында мемлекеттік қаражатты заңсыз иемденгені үшін айыпталып отыр", - делінген прокуратура хабарламасында. Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2012 жылы Әлімбетовтің Дубай қаласында жүргені анықталды. 4 сәуірде БАӘ құқық қорғау органдары айыпталушыны Қазақстанға беру туралы шешім шығарды, бұл біздің елдер арасындағы әрекет етуші Беру туралы шарттың негізінде қабылданды. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Бас прокуратура соңғы екі жыл ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінен 8 адамның экстрадацияланғанын хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети