Qarmet 89 ескі, апатты және пайдаланылмайтын ғимараттарды сүреді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Qarmet Фото Qarmet

Qarmet металлургиялық комбинатында өндірістік қажеттілігі жоқ ғимараттар мен құрылыстарды бұзу бағдарламасы іске қосылды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Qarmet металлургиялық комбинатында өндірістік қажеттілігі жоқ ғимараттар мен құрылыстарды бұзу бағдарламасы іске қосылды.

Ескі, апатты және пайдаланылмайтын ғимараттарды сүріп тастау– кәсіпорынның өндірістік қуатын жаңарту процестерінің бірі. Бұл бірнеше негізгі кезеңдерді қамтиды, олардың басты мақсаты – қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ресурстарды тиімді пайдалану және жаңа нысандар үшін аумақты тазарту.

"Ғимараттарды бұзу – компания үшін жаңа бағдарлама емес. Алайда, 2024 жылғы нұсқасы ғимараттардың жекелеген элементтерін ғана емес, толық конструкцияларын да алып тастауға бағытталған. Бұл зауыт аумағында жаңа өндірістік нысандарға орын дайындап, қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта оттегі цехының ауа бөлу блогын, шихта цехының кейбір ғимараттарын, коксохимия өндірісінің ректификация цехтарын, пайдаланылмайтын галереялар мен қалыптау цехының ғимараттарын бұзу жұмыстары жүргізілуде. Осы шаралардың нәтижесінде комбинат аумағында шамамен 50 мың м² пайдалы алаң босатылады", – деді кәсіпорынның күрделі құрылыс жөніндегі директор орынбасары Алексей Давыдов.

Бұзатын ғимараттардың көпшілігі 30 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Демонтаж процесінде арнайы техника мен жабдықтар қолданылады. Барлық жұмыстар еңбек қауіпсіздігі нормаларына сәйкес, ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, білікті мамандардың қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл ескі ғимараттарды тиімді әрі қауіпсіз бұзуға, сондай-ақ өндіріс үшін қажетті материалдарды қайта өңдеуге жіберуге мүмкіндік береді.

Tengrinews
Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 499.09  course up  518.53  course up  5.65  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro