Қасақана өрт қойғаны үшін 7 жыл берілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасақана өрт қойғаны үшін 7 жыл берілуі мүмкін Фото thenews.kz сайтынан

Бүгін Бас прокуратураның өрт қауіпсіздігіне арналған үйлестіру кеңесінде ішкі істер министрлігі қасақана өрт қойғаны үшін бас бостандығынан айыру жазасын 4 жылдан 7 жылға дейін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ішкі істер вице-министрі Ерлік Кененбаевтың айтуынша, осы шара арқылы өрт оқиғаларының біршама азаюына әсер етуге болады. "Біздіңше, Қылмыстық кодекстің 2-бабы, 187-тармағы - "қасақана өрт қойғаны" үшін бас бостандығынан айыру жазасын 7 жылға дейін қарастыру қажет. Сол кезде аталған әрекеттер ауыр қылмыстар санатына жатқызылып, түбегейлі тергелетін болады", - дейді Е.Кененбаев. Айта кеткен жөн, Бас прокуратураның бастамасымен Қылмыстық кодекстің жаңа нұсқасы Парламент қарауына енгізілген болатын. Оған сәйкес, қасақана өрт қойғаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ал Австралия, АҚШ сияқты елдерде 15 жылға дейін соттайды. Бүгінгі кеңесте бас прокурор Асхат Дауылбаев вице-министрдің ұсынысын қолдады. "Мен бұл бастаманы толығымен қолдаймын. Әсіресе, бұл мәселе базарларда қасақана өрт қою оқиғалары аясында өзекті болып тұр", - деді А.Дауылбаев. Осыған орай, ол Парламентте Қылмыстық кодекстің жаңа нұсқасына жауапты өз орынбасары Иоганн Меркельге ол ұсыныстарды тиісті жұмыс тобына енгізуді тапсырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети