Қасиетті Рамазан айы туды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасиетті Рамазан айы туды ©rus.azattyq.org

Дүние жүзіндегі барлық мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы туды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Биыл қасиетті Рамазан айы мен Ораза бекітудің басы 2015 жылдың 18 маусымына, ал соңы 16 шілдеге келіп отыр. Бұдан кейін 17 шілдеде Ораза Айт басталады. Ал Қадыр түні 2015 жылдың 13 шілдесінен 14 шілдесіне қараған түніне келеді.

Рамазан айында мұсылмандар Ораза бекітеді. Ауыз бекітуден жүкті әйелдер, емшектегі баласы бар әйелдер, науқастар, қарттар, жеті жастан кіші балалар, сонымен қатар, жол жүріп бара жатқандар босатылады. Ал ораза ұстаған адам бір ай бойы таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден ғана емес, өтірік-өсек айтудан, әдепсіз қылықтардан, қанағатсыздық пен нәпсіден тегіс тыйылуы тиіс.

Осы айда жасалған игі істер ерекше маңызға ие. Бұл айда жасалған жақсылықтың сауабы жеті жүз есе көп. Рамазан айына байланысты көптеген елдерде мемлекеттік мекеме жұмысшыларының жұмыс кестесі қысқарады, ал кейбір әуе компанияларының ұшақтарында қасиетті айда ораза тұтқандарға арналған мәзір ұсынылады. Туристерден Рамазан айының ережелерін құрметтеу сұралады. Мәселен, Ингушетияда Рамазан айында спирт өнімдерін сатуға тыйым салынды. Ереже бұзғандар айыппұл төлейтін болды.

Айта кетейік, Қазнет қолданушылары бір-бірін ауыз бекіткендердің оразасына бөгет болмау үшін тамақтың суретін Желіге жүктемеуге шақыру үстінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети