Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен кездесті © akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кіріскеннен кейінгі алғашқы сапарын Қырғыз Республикасынан бастағанының символдық мәні барын айтып, жылы қабылдағанына ризашылығын білдірді.

"Ұлықтау рәсімінен кейін Бішкек қаласында кездесуіміз - жақсылықтың нышаны. Біз жақында Нұр-Сұлтан қаласында кездесіп, екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқыладық. Біздің қазіргі міндетіміз - сол келісімдерді жүзеге асыру", - деді Қазақстан Президенті.

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, бұдан әрі де екі елдің қарым-қатынастарының нығая түсетініне сенім білдірді.

Тараптар алдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібі бойынша пікір алмасты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети