Қасым-Жомарт Тоқаев зауыт жұмысшыларына денсаулық, бақ-береке тіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев зауыт жұмысшыларына денсаулық, бақ-береке тіледі © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбедегі "Қазхром" ТҰК" акционерлік қоғамының ферроқорытпа зауытында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбедегі "Қазхром" ТҰК" акционерлік қоғамының ферроқорытпа зауытында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Қазақстан металлургиясы көшбасшыларының бірі саналатын зауыттың технологиялық үдерісі мен өндірістік көрсеткіштері көрсетілді.

Қазақстан Президентіне "халық бақылауы" жобасы таныстырылды. Бастама аясында мүмкіндігі шектеулі жандар өндіріс орнында қауіпсіздік техникасың сақталуы мен еңбектің қорғалуын қамтамасыз етуге атсалысады.

Мемлекет басшысы жобаның әлеуметтік маңызын атап өтіп, оның іске асырылу нәтижелерін жоғары бағалады, сондай-ақ, бұл тәжірибені кеңінен қолдануды тапсырды.

"Біз бұл бастаманы қолдаймыз. Өйткені, өндірісте жарақат алып қалу қауіпі жоғары болғандықтан, бұндай жұмыс өте пайдалы және қажет. Еңбеккерлерді әлеуметтік жағынан қызықтыратын жобаның маңызы зор. Баршаңызға денсаулық, бақ-береке тілеймін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети