Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша істің сотқа қашан жолданатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша істің сотқа қашан жолданатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қылмыстық жауапкершілікке тарту жайлы. Екі қылмыскерді ұрлық, тонау және кісі өлтіру бойынша айыптады. Ал күдікті қыз қылмыс жайлы хабарламағаны үшін айыпталып отыр. Істі сотқа таяуда қыркүйек айының соңында, немесе тіпті одан да ерте жолдауымыз мүмкін", - деді Қасымов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети