"ҚазАгро" басшысы міндетін атқарушы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазАгро" басшысы міндетін атқарушы тағайындалды Елнар Жолдасов

"ҚазАгро" холдингін басқарма төрағасы қызметін уақытша атқару міндеті Елнар Жолдасовқа жүктелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазАгро" холдингін басқарма төрағасы қызметін уақытша атқару міндеті Елнар Жолдасовқа жүктелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұрындары "ҚазАгроны" Рүстем Құрманов басқарған еді. Ол Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 

Ельнар Жолдасов 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "Құқықтану" мамандығы бойынша, сондай-ақ Бөкетов атындағы ҚарМУ-да "қаржы және несие"мамандығы бойынша білім алған. 

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған, 2001 жылдан бастап 2018 жылға дейін екінші деңгейдегі банктерде, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

2018 жылғы 15 наурыздан бастап "ҚазАгро" Холдингі" АҚ Басқарма мүшесі - қаржы жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети