"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ жаңа басқарма төрағасы тағайындалды Рүстем Құрманов. © mgov.kz

"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ жаңа басқарма төрағасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ жаңа басқарма төрағасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Премьер-министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Құрманов Рүстем Жомартұлын таныстырды", - делінген ведомство хабарламасында.

Құрманов Рүстем Жомартұлы - 1981 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысының Новоишимск ауылының тумасы, экономика ғылымдарының кандидаты.

Рүстем Құрманов 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық сараптау бөлімінің жетекші маманы, бөлім басшысы, 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің инвестициялық саясат департаменті басқарма басшысы, директоры, 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы, 2015 жылдан бастап "Атамекен" ҰКП басқарушы директор, 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметтерін атқарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети