Қазан қаласынан Назарбаевтың атына көше берілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазан қаласынан Назарбаевтың атына көше берілуі мүмкін © REUTERS

Татарстан Республикасы "Қазақстан" Ұлттық-мәдени автономиясы Қазан қаласындағы көшелердің біріне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы мәселе көтерді, - деп хабарлайды  "Татар-информ".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Татарстан Республикасы "Қазақстан" Ұлттық-мәдени автономиясы Қазан қаласындағы көшелердің біріне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы мәселе көтерді, - деп хабарлайды  "Татар-информ".

ТР Қазақтардың Ұлттық-мәдени автономиясы төрағасы Сағит Жақсыбаев осы мазмұндағы хатты Қазан қаласының мэрі Ильсур Метшинге жолдады. "Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы ынтымақтастық пен татулықты дамытуға үлесін қосты. Экономика, мәдениет, білім беру салалары бойынша республикалық қана емес, аймақтық қарым-қатынас та орнады. Біз бұл қарым-қатынастың тарихи маңызы бар деп білеміз. (...) Қазан қаласынан Назарбаевтың атына көше беру бауырлас елдер арасындағы байланысты ары қарай дамытады", - деді Жақсыбаев.

Қазан топонимика бойынша муницилиалдық білім беру басшылығы бұл ұсынысты қарады. Соңғы шешімді Қазан атқару комитеті қабылдайтын болады.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Қазақстан мен Татарстан арасындағы сыртқы сауда саттық  құны 387 миллион доллар болды. Оның ішінде, 374,5 миллион - экспорттық, 12,5 миллион - импорттық.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети