Қазақ әдебиетінің антологиясы араб тіліне аударылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ әдебиетінің антологиясы араб тіліне аударылады

Араб мемлекеттері лигасының Білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ALECSO) заманауи қазақ әдебиетінің антологиясын араб тіліне аударып, басып шығару жобасын қолдауға дайын, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл жөнінде Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиевпен кездесу барысында Ұйымның Каир қаласындағы ғылым мәдени жобаларының үйлестірушісі болып табылатын АМЛ Араб зерттеулер институтының басшылығы хабарлады. ALECSO кітаптарға өзінің логосын қою құқығын берумен қоса, оларды араб мемлекеттерінде үлестіруге қолдау көрсетуге дайындығын білдірді.

Биыл ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы - "Рухани жаңғыру" бағдарламасының шеңберінде "Заманауи қазақ әдебиеті жаһандық әлемде" атты жобасы бойынша қазақстандық 60 ақын-жазушының таңдалған шығармалары БҰҰ-ның ресми алты тіліне аударылып, басылып шығады. Әрбір антологияның тиражы 10 мың данадан асып түседі.

Араб тіліне аударылған шығармалар жинағы 22 араб мемлекетіндегі 5 мыңнан астам ірі университеттерге, кітапханаларға және зерттеу орталықтарына таратылады.

ALECSO 1970 жылы 25 шілдеде Каир қаласында құрылған Араб мемлекеттері лигасының мекемесі болып табылады. Штаб-пәтері Тунисте орналасқан. Ұйымның мүшелерінің барлығы АМЛ-ға кіретін елдер болып табылады. ALECSO негізгі мақсаты - араб мемлекеттері арасында білім, ғылым және мәдениет салаларында бірлікке қол жеткізу, әлемдік дамуға үлес қосу үшін араб елдеріндегі мәдениет деңгейін көтеру болып табылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети