QazaqAir жаңа рейстерін ісек қосады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
QazaqAir жаңа рейстерін ісек қосады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2015 жылдың 17 қыркүйегінен бастап әуе компаниясы Қостанай мен Алматы арасына жаңа бағыт ашады. Алматы - Қостанай бағытында ұшу 2 сағат 35 минутқа созылады деп жоспарланып отыр. Рейс 78 орындықтан тұратын BombardierQ400 ұшағы арқылы орындалады.
Эконом класпен бір бағытта ұшу құны - 15 496 теңге. Сонымен қатар, жақын арада Қазақстанның батыс бағытында жаңа рейстер ашу жоспарланып отыр: Шымкент - Ақтөбе, Ақтөбе - Атырау, Қостанай - Ақтөбе.
Еске сала кетейік, Qazaq Air әуе компаниясының таныстырылымы 6 шілдеде өтті. Шараға қатысушылар Qazaq Air компаниясының бірінші бортын көрсетті - Bombardier Dash 8 Q400 жаңа заманның екі қозғалтқышты турбовинт ұшағы.