Qazaq Air әуекомпаниясы Ресейге рейстерін тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Qazaq Air әуекомпаниясы Ресейге рейстерін тоқтатты Фото: Tengrinews.kz

Qazaq Air бүгіннен бастап Ресейге рейстерді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуекомпанияның сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Qazaq Air бүгіннен бастап Ресейге рейстерді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуекомпанияның сайтына сілтеме жасап.

"Qazaq Air әуекомпаниясы сақтандыру ұйымынан Ресей аумағында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтелімінің берілмегені туралы хабарлама алды. Осы жағдайға байланысты компания сақтандыру бойынша мәселе шешілгенге дейін Ресей аумағының үстінен ұша алмайды. Осыған байланысты Новосібірге баратын бүгінгі рейс (2022 жылғы 12 наурыз) тоқтатылды", - делінген ресми хабарламада.

Жолаушыларға билет құны толық қайтарылатыны айтылды.

"Билеттерді сатып алған жерден қайтаруға болады. Билет әуекомпаниядан сатып алынса, [email protected] электрон поштасына жазған жөн. Қайтаруға өтініммен бірге бронь нөмірін және байланыс деректерін көрсету керек. Билет агенттіктен сатып алынса, сатып алған жерге хабарласу қажет", - деп хабарлады әуекомпания өкілдері.

Qazaq Air уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети