Бүгін, 13 ақпанда Qazaq Air ұшақтарының шассиі жарылғаны туралы екі оқиға хабарланған. Осыған байланысты ҚР ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тексеру жүргізетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ААК-ға сілтеме жасап.

Qazaq Air әуе компаниясының ұшақтарымен болған екі оқиға бойынша ақпарат расталды. Біріншісі 12 ақпанда, екіншісі 13 ақпанда болған.
"12 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.20-да Qazaq Air әуекомпаниясының Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы QAZ427 рейс ұшағымен авиациялық оқиға болды. Алдыңғы шасси қақпағының жарылуына байланысты әуе кемесі 700 метр жүріп, ары қалай ұшып кетпеді. Ұшақ тұраққа сүйреп апарылды.
13 ақпанда сағат 08.12-де Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы QAZ353 тұрақты рейсін орындаған Qazaq Air әуекомпаниясының басқа әуе кемесінің қонуынан кейін шассидің оң тіреуінің екі пневматикасының бұзылуы анықталды. Ұшақтағы барлық жолаушылар эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ", - делінген ААК хабарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында Qazaq Air ұшағының шассиі жарылғаны туралы куәгерлер Tengrinews.kz тілшісіне айтып берген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!