Қазақ әліпбиін құрастырушылардан ең ұзын сөзді латын әліпбиінде жазу сұралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ әліпбиін құрастырушылардан ең ұзын сөзді латын әліпбиінде жазу сұралды © Tengrinews.kz

Қазақ әліпбиін құрастырушылардан ең ұзын сөз - "қанағаттандырылмағандықтарыңыздан" сөзін латын әліпбиі бойынша жазып беру сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ әліпбиін құрастырушылардан ең ұзын сөз - "қанағаттандырылмағандықтарыңыздан" сөзін латын әліпбиі бойынша жазып беру сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан - мұнда бір ғана сөз емес, екі сөз бар: бірінші сөз - қанағаттандыра", - деді А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының профессоры Әлімхан Жүнісбек Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында.

Ал Шаяхметов атындағы Тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-әдістемелік орталықтың директоры Ербол Тілешов профессордың сөзін бөліп, 33 әріптің соншалықты көп емес екенін және Африка тілдерінің бірінде 60 әріптен тұратын сөз бар екенін айтып өтті.

"Сөздердің барлығы осындай ұзын емес қой", - деп әзілдеді Тілешов.

Бірақ соңында құрастырушылар "қанағаттандырылмағандықтарыңыздан" сөзінің дұрыс жазылу үлгісін көрсете алмады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Назарбаевқа жаңа латын әліпбиі көрсетілген болатын. "Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі орыс тілді азаматтардың құқықтарын, орыс тілі мен басқа да тілдердің мүмкіндіктерін шектемейді. Орыс тілінің кирилл қарпінде қолданылуы өзгеріссіз қалады. Ол бұрынғыдай қызмет атқара беретін болады. Жаңа әліпбиге көшу қазақ тілін меңгеруді жеңілдетеді", - деген еді Президент.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети