Қазақ-қырғыз шекарасында атыс болды: Жаралы сарбаздардың суреттері жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ-қырғыз шекарасында атыс болды: Жаралы сарбаздардың суреттері жарияланды Иллюстрациялық сурет. © Ярослав Радловский

Жамбыл облысы Қызылқайнар ауылдық округінің әкімдігінің өкілдері қазақ-қарғыз шекарасындағы атыс кезінде мерт болған ер адам туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы Қызылқайнар ауылдық округінің әкімдігінің өкілдері қазақ-қарғыз шекарасындағы атыс кезінде мерт болған ер адам туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаза болған азамат біздің тұрғын - Еркін Әміртаев, 1987 жылы туған. Мемлекеттік шекараны бұзу дерегі. Қай аймақта болғанын білмеймін. Артында әйелі мен екі баласы қалды. Қазір тергеу жүріп жатыр", - дейді әкімдік өкілдері. 

Сонымен бірге, қақтығыс кезінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің екі сарбазы жараланған. Желіде олардың суреттері пайда болды. Мұның алдында шабуылдағандардың оларға тас лақтырғаны айтылған болатын. 

Еске салайық, шекарадағы атыс 12 тамызда сағат 20:00 шамасында болған. "Жасөркен" шекара заставасында шекарашыларға Қазақстан шекарасын бұзғандарға оқ атуға тура келді. 15 адамдай жиналған топ бағынбаған және қарсылық көрсеткен. Шабуыл жасағандардың бірі жараланып, кейін қайтыс болған. Қалғандары оқиға орнынан қашып кеткен. 

Кейін полицейлер болған жайтты түсіндіріп берді: "Екі әскери қызметкер кезекшілікке түскен. Осы кезде 15-20 шақты адам сымды қиып, шекараны бұзбақ болған. Әскерилер оларды тоқтауға шақырады, алайда, бағыну орнына олар шекарашыларға тас лақтырған. Осыдан кейін ескерту ретінде аспанға, кейін шекараны бұзушыларға қарай екі оқ атылған. Оқ олардың біріне тиген. Ол Жасөркен ауылының 1987 жылы туған тұрғыны болып шықты. Оқ басынан тиген. Олар мүрдені өзімен бірге алып кетіп, үйіне апарып тастаған. Өздері қашып кеткен", - дейді Жамбыл облысының ІІД-нің өкілдері. 

Бұл іс 2017 жылдың 13 тамызында ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-пункті бойынша СДТБТ-ға тіркелді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети