Қазақ хандығының 550 жылдығы Астананың қай жерінде тойланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ хандығының 550 жылдығы Астананың қай жерінде тойланады "Қазақ Елі" алаңы. © Тengrinews.kz

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында Астанада ауқымды мәдени шаралар ұйымдастырылады. Басты салтанатты шара "Қазақ Елі" монументінің алдындағы алаңда өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында Астанада ауқымды мәдени шаралар ұйымдастырылады. Басты салтанатты шара "Қазақ Елі" монументінің алдындағы алаңда өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"11-13 қыркүйек аралығында "Қазақ Елі" монументінің алдындағы алаңда үлкен этноауыл ашылады. Қазақстанның барлық өңірінің қатысуымен халықтық серуен ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, "Қазақ Елі" алаңына 50 киіз үй тігіледі, екі үлкен сахна, спорттық алаңдар, алтыбақандар, тайқазандар және тағы да басқалар орнатылады. Этноауылда ұлттық спорт түрлерінен, атап айтқанда, қазақ күресі, арқан тарту, тоғыз құмалақтан жарыстар өтеді. Мерекелік шаралар бағдарламасына сондай-ақ, сәндік-қолданбалы өнердің көрме-жәрмеңкесі, халық шеберлерінің шеберлік дәрістері, үздік шығармашылық ұжымдардың концерттері, сонымен қатар, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт енгізілді.

Сонымен қатар, республикамыздың әрбір өңірі елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына үздік хореографиялық ұжымдардың, этнографиялық ансамбльдердің, халық және эстрада жанрлары солистерінің қатысуымен бір жарым сағаттық мәдени бағдарламаны ұсынады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети