QazaqGaz ҰК басшысы міндетін атқарушы тағайындалды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

QazaqGaz ҰК басшысы міндетін атқарушы тағайындалды

QazaqGaz АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ибулла Серді тағайындалды. Бұл туралы мәлімет Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

QazaqGaz АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ибулла Серді тағайындалды. Бұл туралы мәлімет Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"QazaqGaz АҚ KASE-ге директорлар кеңесінің 14 қаңтардағы шешімімен компания басқармасының құрамына мынадай өзгерістер енгізілді:

- Шәріпбаев Қ.Қ. басқарма төрағасы қызметінен босатылды;

- Серді И.Ж. басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, QazaqGaz АҚ басқармасы жеті адамнан тұрады: Серді И.Ж., Сүлейманов Р.Э., Жанұзақ Т.Ж., Абайылданов Б.К., Хван В.Б., Сәйтиев А.Б., Абдуллин Р.С.", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz ҰК басқарма төрағасы қызметінен кеткені хабарланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.76  course up  582.47  course up  6.46  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети