QazaqGaz компаниядағы "ұсталғандар" туралы ақпаратқа қатысты пікір берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
QazaqGaz компаниядағы "ұсталғандар" туралы ақпаратқа қатысты пікір берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
QazaqGaz баспасөз қызметінің басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында ЖШС аппарат басшысы мен бас директоры жұмыс орнында екенін жазды.
"Бүгін БАҚ беттерінде және телеграм-каналдарда QazaqGaz-да, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар қызметкерлерінің өкілеттігін асыра пайдалануы мүмкін фактілері бойынша қамауға алынғаны туралы тараған ақпаратқа қатысты хабарлаймыз. Аталған хабарламаларда көрсетілген аппарат басшысы Сағымбеков Д.М және "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС бас директоры Құлқыбаев Е.Г. өздерінің жұмыс орнында, штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдейміз", - делінген хабарламада.
QazaqGaz мәліметінше, ұлттық компания жемқорлық фактілеріне және басқа да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысты әрқашан ашық позицияны ұстанады. Сондықтан соталды тергеу амалдарына жан-жақты қолдау білдіретіні айтылған.
Антикор QazaqGaz-дағы ұсталғандар туралы ақпаратқа жауап берді
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!