"Қазақмыс" кеншілері мен басшылығы арасында еңбек дауы. Диалог жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақмыс" кеншілері мен басшылығы арасында еңбек дауы. Диалог жүріп жатыр

Шахандағы 4 шахтаның 200-ден аса кеншісі жалақыларының көтерілуі мен еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахандағы 4 шахтаның 200-ден аса кеншісі жалақыларының көтерілуі мен еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наразылық білдіріп отырған шахталардың ішінде "Қазақстан", "Тентек", "Ленин" шахталары бар.

"2017 жылдың 11 желтоқсанында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департментінде еңбек дауы туды. Құрамында "Қорғау" көмір өндірушілер одағы өкілдері мен компания басшылығы бар жұмыс тобы құрылды. Еңбек заңнамасы аясында диалог жүріп жатыр. Жағдайды Қарағанды облысы әкімдігі бақылап отыр", - деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, жақында WhatsApp-та бірнеше ұйымның ереуілше шықпақшы болып жатқаны жайлы хабарламалар тараған еді.

"Қазіргі уақытта кеншілердің бір бөлігі - шамамен 200 адам (түнгі смена) жұмыс күні аяқталған соң шахтадан шықпады. Оларға мұндай әрекетке рұқсат берілген жоқ. Себебі кеншілер шахта басшылығына, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ әкімшілігіне, "Қорғау" көмір өндірушілер өкілдеріне ешқандай ресми шағым түсірген жоқ. Қалған шахталар әдеттегі режим бойынша жұмыс істеп жатыр", - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Зульфира Мұхамедьярова.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Қазақмыс" кеншілері мен басшылығы арасында еңбек дауы шыққаны жайлы хабарланған болатын. "2017 жылдың 30 қарашасында Оңтүстік-Жезқазған кен орны мен "Қазақмыс" ЖШС басшылығы арасында еңбек дауы шықты. Облыс әкімдігі басшылығының өкілдері мен "Қазақмыс" компаниясының басшылығы оқиға орнында. Келіссөздер процесі жүріп жатыр. Жағдай бақылауда. Келіссөздер аяқталған соң ресми мәлімдеме жасалады", - деген еді Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети