Қазақстан ағымдағы жылы 23,1 миллион тонна астық жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан ағымдағы жылы 23,1 миллион тонна астық жинады © pm.kz

Қазақстан ағымдағы жылы 23,1 млн тонна астық жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан ағымдағы жылы 23,1 млн тонна астық жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысында ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов егін жинау жұмыстарының қорытындысы туралы есеп берді.

Астықтың жалпы жиынтығы бункерлік салмақта 23,1 миллион тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артық. Ақмола облысында 5,7 миллион тонна, СҚО-да 5,6 миллион тонна, Қостанай облысында 5,5 тонна астық тартылды. Қарағанды облысында 1 миллион тоннадан астам астық жиналды. 

Сонымен қатар, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тары өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 4 және 3 есе артты.

Оңтүстік өңірдің облыстары мақта, қант қызылшасы және күріш өнімдерін жинау жұмыстарын жүргізіп жатыр, тиісінше жоғары түсім болады деп күтілуде. Биыл күріштің жалпы жиынтығы 432 мың тоннаға жетті. Қызылорда облысында өнімділік 47 ц/га құрады, сәйкесінше, бұл рекордты көрсеткіш.  

Бұдан өзге, вице-министр майлы дақылдар бойынша орылуы керек алқаптың 46 пайызы орылғанын айтты. Жалпы жиынтық өткен жылғыдан 1,2 есе көп болады деп болжануда. Өнімділік 10 ц/га құрайды. Ескерер болсақ, соңғы 5 жылда ол 8,1 ц/га аспаған.

Отырыста егін жинау науқанының оңтайлы уақытта аяқталуы ұйымдастырушылық деңгейінің жоғары болуының, материалдық-техникалық жабдықтау мәселесінің дер кезінде шешілуінің және жоғары түсімді егін жинау техникасын қолданудың арқасында болғаны айтылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети