Қазақстан азаматшасы БАӘ-де қызметші әйелді ұрып-соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан азаматшасы БАӘ-де қызметші әйелді ұрып-соқты Әбу Даби. ©REUTERS

Қазақстандық азаматша Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) өзінің үй қызметшісін ұрып-соқты, - деп хабарлайды Gulfnews.com порталы. Эфиопия азаматшасы бұл елде заңсыз болған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық азаматша Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) өзінің үй қызметшісін ұрып-соқты, - деп хабарлайды Gulfnews.com порталы. Эфиопия азаматшасы бұл елде заңсыз болған.

22 жастағы Хедйа Усман (Hedja Usman) жұмыс берушінің ұрып-соққанын айтып, полицияға хабарласқан. Қыздың шашы жұлынған, ол ауруханада төрт күн жатты. Үй қызметшісінің айтуынша, қазақстандық азаматша одан көлігінің кілтін ұрлады деп күдіктенген. Тараптар ымыраға келді, бірақ қыз өзін Біріккен Араб Әмірлігінен отанына, Эфиопияға жіберуді сұрады. Бұдан кейін іске африкалық елдің елшілігі араласып, Қазақстан азаматшасына қарсы шағым түсірді. 

Қазақстандық азаматша барлық айыптарды мойындамады, мұнымен қоймай ол үй қызметшісі оның балаларын пышақпен қорқытқанын айтты. Іс сотқа жіберілді. Процесте жәбірленуші Эфиопия елшілігінің қорғауында болады. Ол визасының уақыты екі жыл бұрын өтіп кетсе де, отбасыда үш жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Ол БАӘ-де заңсыз болған.

Эфиопияның Біріккен Араб Әмірлігіндегі бас елшісі Аемеро Алемудың (Aemero Alemu) айтуынша, эфиоптар әрқашан бейбіт және қайырымды болған. "Егер үй қызметкері жұмыс берушінің көңілінен шықпаса және өзін күмәнді ұстаса, оны өз отанына қайтару керек немесе бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлауы керек", - деді дипломат.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети