Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндерге қазақ тілінен емтихан тапсырту ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндерге қазақ тілінен емтихан тапсырту ұсынылды © Тұрар Қазанғапов

Мәжілісмен Азат Перуашев көші-қон жағдайының ушығуын күтпей, Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер үшін тіл мен Конституцияны білуіне емтихан енгізуді ұсынды, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілісмен Азат Перуашев көші-қон жағдайының ушығуын күтпей, Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер үшін тіл мен Конституцияны білуіне емтихан енгізуді ұсынды, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Елбасының бейбіт саясаты мен экономикалық реформалары арқасында Қазақстан жағдайы нашар елдер үшін тартымды болуы мүмкін. Осыны есепке алып, көші-қон жағдайының ушығуын күтпей, көші-қонды реттеу мен ұлттық бірлікті сақтау шараларын дайындау керек деп ойлаймыз. Ең алдымен "Азаматтық туралы" Заңға өзгеріс енгізіп, азаматтық алғысы келетіндер үшін Қазақстан Республикасының Конституциясын, мәдениеті мен тарихын, тілдік саясатын білу бойынша емтихан нормаларын жасау керек", - дейді "Ақ Жол" партиясы атынан сұраныс оқыған Азат Перуашев.

Депутат мұнда еш кемсіту жоқтығын айтады. 

"10-бапқа сәйкес Республика азаматтығының дәрежесі артады, өйткені, терроризм және ұлттық мүддеге зиян келтіргендер азаматтықтан айырылады. Еуропа тәжірибесі жағдай нашарлаған елдерден көші-қонның артуы апаттық сипат иеленгенін көрсетіп отыр. Қабылдаушы елдер бюджеттен артық шығын шығарып, ол елдердегі денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыруға салмақ түсіп, жұмыссыздық артып, қылмыстық жағдай ушыққан", - деп атап өтті ол. 

Сонымен бірге, тілі мен діні бөлек мигранттардың көптеп келуі ұлттық бірлікті сақтауға зиянын келтіреді. 

Перуашевтің сөзінше, азаматтық алуға тапсыратын емтихандар көші-қон үшін тартымды елдердің көбінде бар. Оның үстіне олар ақылы болғандықтан бюджетке шығын келтірмейді. Тіпті кей елдерде мұндай емтихандарды азаматтық алғысы келетіндер ғана емес, еңбек мигранттары да тапсырады. Бұл тіл мен дәстүр білмеуден жергілікті тұрғындармен қақтығыс болмау үшін жасалады екен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети