Қазақстан азаматы Литвада елшілік көлігін мас күйінде жүргізген деген дерек тексеріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан азаматы Литвада елшілік көлігін мас күйінде жүргізген деген дерек тексеріліп жатыр © pixabay.com

ҚР Сыртқы істер министрлігі Вильнюс қаласында автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін ұсталған қазақстандық туралы мәліметті тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Сыртқы істер министрлігі Вильнюс қаласында автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін ұсталған қазақстандық туралы мәліметті тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Литвалық "Обзор" басылымының мәліметінше, 32 жастағы әкімшілік-техникалық қызметкер бейсенбіде түнгі уақытта ұсталған. Ер адам мас күйде Toyota Avensis көлігін жүргізген, оның мастық деңгейі - 1,40 промиле екені анықталған. 

Басылым мәліметінше, мас күйде көлік жүргізгені үшін (мастық деңгейі - 0,4 промилледен асып, 1,5 промиллеге жетпесе) 300-450 еуро көлемінде айыппұл салынады. Егер 1,5-тен асса, Литва заңы бойынша, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады, 

Полицияға көлікті мас күйде жүргізген ер адам туралы мәліметті жанармай құю бекетінің қызметкері хабарлаған. БАҚ мәліметінше, Қазақстан азаматы елшілікке тиесілі көлікпен жүрген. 

"Қазіргі уақытта оқиғаның мән жайы анықталып жатыр. ҚР СІМ тәртіп бойынша ведомствосы осы мәселемен айналысып жатыр. Егер осы мәлімет расталса, ол қызметкер елге қайтарылады", - деді ведомство өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети