Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастап тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастап тұр © pixabay.com

ТМД ішінде ажырасуға арыз жазатындардың ең көбі Қазақстанда екен. Мұндай мәліметті "Бақытты отбасы" ресурстық қолдау орталығының мамандары айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТМД ішінде ажырасуға арыз жазатындардың ең көбі Қазақстанда екен. Мұндай мәліметті "Бақытты отбасы" ресурстық қолдау орталығының мамандары айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Журналистерге есеп берген ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл орталыққа 2 500-ден аса адам жүгініпті. Олардың 2 423-і ажырасу мәселесімен келіп, тек 871-і орталық мамандарының кеңесінен кейін татуласқан.

"Сотқа келіп түскен істердің былтыр 70 пайызы ажырасса, биыл 47 пайызы ажырасты. Оның көп ісі қысқартылады. Іс қысқартылды деген сөз - ол екі жақ татуласады да, арыз беріп, істі қараудан бас тартады", - дейді Алматы қаласы Әуезов ауданының судьясы Бақыткелді Тұрлыбеков.

Ал, психологтардың айтуынша, ажырасуға арыз беретіндер - көбіне үйленгендеріне 1 немесе 2 жыл болған жас жұбайлар. Тіпті араларында сәбидің болуы отбасын сақтап қалуға септеспейді екен. Сондықтан шаңырақ көтерер алдында жауапкершілікті сезініп, кез келген қиындыққа дайын болу керек дейді олар.

"Бір байқағанымыз, отбасының бұзылуына үшінші адам ықпал етеді. Ол жұбайлардың арасына түсіп, олардың ажырасуына себеп болады", - деді "Бақытты Отбасы" ресурстық қолдау орталығының психологы Гаухар Онжарова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети