"Қазақстан барысы" турниріне іріктеудің үшінші кезеңі басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан барысы" турниріне іріктеудің үшінші кезеңі басталады Фото Кazakhstanbarysy.kz

"Қазақстан Барысы" жобасына іріктеу сынының екі кезеңі артта қалды деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Кazakhstanbarysy.kz-тің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан Барысы" жобасына іріктеу сынының екі кезеңі артта қалды деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Кazakhstanbarysy.kz-тің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Дәстүрлі түрде өтетін турнирдің үшінші кезеңі облыстық іріктеу болып саналады. Аймақтағы белдесуде аудандық іріктеуде топ жарғандар белдеседі деп күтілуде. Финалға қатысатын 32 балуан осы үшінші айналымда анықталады. 2013 жылғы жеңімпаз Айбек Нұғымаровтан басқа балуанның барлығы іріктеу сынына қатысатын болады.

Әр облыстағы ІІІ айналымдағы белдесулер кестесі төмендегідей:

26-27 сәуір – Қызылорда облысы, "Еуразия" СК

27 сәуір – Павлодар облысы, "Баянтау" СК

29 сәуір – Астана қаласы, "Дәулет" СК

2-3 мамыр – Қарағанды облысы, "Жастар" СК

4 мамыр – Ақтөбе облысы, "Қоныс" СК

5 мамыр – Жамбыл облысы, "Тараз-Арена" СС

7 мамыр – Солтүстік Қазақстан облысы

7-8 мамыр – Шығыс Қазақстан облысы, Жекпе-жек сарайы

8-9 мамыр – Маңғыстау облысы, "Жас қанат" СК

10 мамыр – Атырау облысы, "Атырау" СК

10 мамыр – Алматы қаласы

11 мамыр – Ақмола облысы, "Юбилейный" стадионы

15-17 мамыр – Қостанай облысы, Мұз сарайы

17 мамыр – Алматы облысы, "Жастар" СС

17 мамыр – Батыс Қазақстан облысы, "Жастар"
стадионы

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети