Қазақстан Батыстың секс төңкерісіне қарсы тұруы керек - депутат

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Батыстың секс төңкерісіне қарсы тұруы керек - депутат

Қазақстандықтар Батыстың секс төңкерісі қағидаларына қарсы тұруы керек, мұндай пікірді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Надежда Петухова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Депутаттың пікірінше, Батыста секс төңкеріс жұқпалы аурудың таралуын және белсіздікке шалдыққандардың санын көбейтті.

Депутат мемлекет қазақстандық жастардың некеге дейінгі пәктігін сақтау ұстанымдарын бойға сіңдіріп жатқанын айтты. "Батыс некеге дейін жыныстық қатынастың болуы кейінгі отбасылық өмірінде көмектесетіні жайлы пікірдің таралған кезінде сексуал төңкерісті бастан өткерді. Батыс дәл осы саясатты бізге ауыстырып жатыр, ал біздің діл мен дінде әрқашан пәктік туралы айтылады. Кейбір жағдайлар болып қалатынын түсінемін, бірақ адам өз өмірінде бір ғана серігі болуы керектігін түсінуі керек", - деді Петухова.

Ол, сонымен қатар, Қазақстандағы жұптардың шамамен 17 пайызы балалы бола алмайтынын қосып айтты. Белсіздікке шалдыққан ер адамдар көбейіп келеді - елде еркектердің шамамен 30 пайызы белсіздікке шалдыққан. Қазақстандық жастарға әсер етуі мүмкін секс төңкеріс жағдайды айтарлықтай мүшкіл ете түседі. "Бейберекет жыныстық қатынас жасаумен өмір сүріп, кейін - қорқынышты ештеңесі де жоқ, ЭКО жасатып, бала босана аламын дейтін амалдың алдын алу қажет. Өкінішке қарай, мұндай балалардың (ЭКО арқылы ұрықтандырылған) жағдайы туралы тәжірибе жиналған жоқ. Көмекші репродуктив технологиясы мемлекет үшін, отбасы үшін қымбат. Репродуктив денсаулықты сақтап, қорғау адамға берілген үлкен сый екенін түсінуіміз қажет", - деді Петухова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети