Қазақстан биыл Парсы шығанағына шығуы тиіс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан биыл Парсы шығанағына шығуы тиіс Фото Transinfo.by сайтынан

Бүгін Ақордада елімізде тіркелген шетел мемлекеттерінің елшілерімен кездескен Президент Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылы Қазақстан - Түркіменстан - Иран темір жолының ашылатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысының хабарлауынша, қазіргі кезде Жезқазған - Каспий теңізі темір жолы салынып жатыр. "Ол Қытай шекарасынан басталады. Бұл жол Люнинган портына дейін созылады. Аталған жерде бүгінде біз өз терминалымызды салып жатырмыз. Ал Парсы шығанағына Иран арқылы шығатын боламыз. Қазіргі кезде Қазақстан - Түркіменстан - Иран темір жолының қазақстандық учаскесі толығымен салынып бітті. Меніңше, биыл Түркменстан мен Иран арқылы өтетін жол да ашылады", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев. Айта кетейік, Қазақстан - Түркменстан - Иран темір жолы арқылы Парсы шығанағы мен Оңтүстік-шығыс Азия елдеріне шығуға мүмкіндік бар. Оның арқасында жүк тасымалдау барысында біраз уақытты үнемдеп, аймақ экономикасын көтеруге болады. Жол құрылысы 2009 жылы басталған болатын. Бүгінде аталған темір жолдың қазақстандық учаскесінің құрылысы аяқталды. Өткен жылы Қазақстан мен Түркіменстан президенттері екі ел арасындағы Болашақ - Серхетяка темір жол бөлігін ашты. Бүгінде Түркіменстан мен Иран жақта темір жол құрылысы бірқатар себептерге байланысты кешеуілдеп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети