"Қазақстан достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды". Назарбаев дипломаттарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды". Назарбаев дипломаттарға үндеу жасады

Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев пен жеті елдің елшілерінің салтанатты кездесуі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев пен жеті елдің елшілерінің салтанатты кездесуі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президентке сенім грамоталарын Эстония елшісі Хэйти Мяемеэс, Ауғанстан елшісі Кадам Шах Шахим, Польша елшісі Селим Хазбиевич, Канада елшісі Николя Бруссо, Финляндия Республикасының елшісі Микко Кивикоски, Бельгия елшісі Алекси Де Кромбрюгхе Де Пикендаель, сондай-ақ, Франция елшісі Филипп Мартинэ табыстады.

"2018 жылдың қаңтарында біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұңғыш рет төрағалық етеді. Осы халықаралық органның аясында барлық серіктесімізбен жемісті шаруа атқаруға ниеттіміз. Қазақстанның бүгінгі экономикасы әріптестікке кең мүмкіндіктерге және зор әлеуетке ие. Біз шетелдік серіктестермен экономикалық қарым-қатынасымызды нығайтуға мүдделіміз. Қазақстанда ЕАЭО, Орталық Азия және Қытай нарығына шығуға инфрақұрылым жасалған", - деді Назарбаев делегаттарға.

Президент ЭӘДҰ, ЕО және Азияның көптеген еліне Қазақстанның визасыз режим енгізгенін атап өтті. Ал инвесторлармен және бизнеспен тиімді әрекеттестік мақсатында елде "ҚазақИнвест" және "ҚазақЭкспорт" ұлттық компаниялары құрылған.

"EXPO мұрасы ретінде бірқатар ірі нысан жұмысын бастады - олар "Астана" қаржы орталығы, жасыл экономика мен IT-стартаптардың халықаралық технопаркін дамыту бойынша БҰҰ халықаралық орталығы. Осы жобаларды жүзеге асыруға сіздердің елдер белсенді түрде қатысады деп үміттенемін. Қазақстан сіздердің елдермен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды", - деді Президент.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети