Қазақстан ЕАЭО аясында Қырғызстанмен шекарасын күзде ашады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан ЕАЭО аясында Қырғызстанмен шекарасын күзде ашады © REUTERS

Қазақстан Қырғызстанмен шекарасын күзде ашады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қырғызстан парламентінің "Ата-Мекен" фракциясының отырысында Қырғызстан республикасының министрі Олег Панкратов мәлімдеді. Қырғызстанның ЕАЭО құрамына кіруі туралы келісімшартқа 2015 жылдың 8 мамырында Мәскеуде қол қойылған еді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Қырғызстанмен шекарасын күзде ашады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қырғызстан парламентінің "Ата-Мекен" фракциясының отырысында Қырғызстан республикасының министрі Олег Панкратов мәлімдеді. Қырғызстанның ЕАЭО құрамына кіруі туралы келісімшартқа 2015 жылдың 8 мамырында Мәскеуде қол қойылған еді. 

Енді бұл құжатты одақтас елдер бекітуі тиіс. Бірақ Қырғызстанның экономика министрлігі құжат күзге дейін бекітілмейді деп есептейді. "Мұнда барлығы одақтас республикаларға тәуелді болады. Бұл үдерісті жылдамдату туралы үкіметтермен жасалған келісіміміз бар. Бірақ барлығы да сол елдерге тәуелді болады. Біз өз кезегімізде бұл келісімшартты шұғыл түрде бекітеміз", - деді Олег Панкратов. 

Осыған байланысты Қырғызстан республикасы парламент депутаттары "Дордой" базарының саудагерлерінің Қазақстанмен шекара ашылған кезде ЕАЭО елдеріне реэкспорттау үшін Қытайдан тауар алып жатқанына алаңдаушылық білдірді. Өз кезегінде Қырғызстан республикасының министрі саудагерлердің Қырғызстанның ЕАЭО құрамына кіруі туралы Келісімшартқа қол қойылғанынан кейін шекараның бірден ашылмайтынын есепке алуы тиіс болғанын атап өтті. Бүгін "Ата-Мекен" парламент фракциясы республиканың ЕАЭО құрамына кіруі туралы Келісімшартты мақұлдады. Алда бұл құжатты әлі төрт фракция мен үш комитет мақұлдауы керек, ал 2015 жылдың 20 мамырында Қырғызстан республикасының парламент отырысы өтеді, онда болжам бойынша, Қырғызстанның ЕАЭО құрамына кіруі туралы Келісімшарт бекітіледі. Айта кетейік, осыған дейін бұл құжатты Қырғызстанның министрлер кабинеті мақұлдаған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети