Қазақстан Германияға австриялық алаяқты ұстап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Германияға австриялық алаяқты ұстап берді ©berdsk-online.ru

Қазақстанның Бас прокуратурасы Австрияның азаматын беру туралы Германияның сұрауын қанағаттандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Австрия азаматын беру туралы ГФР Федералдық Әділет министрлігінің өтінішін өзара келісім қағидалары негізінде қанағаттандырды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Манфред Нусбаумер алдай отырып және жалған төлем құжаттарын пайдалану арқылы 245 мың еуродан астам сомаға бөтен біреудің мүлкін ұрлағаны үшін айыпталды. Австрия азаматы Астанаға келген ГФР-дың уәкілетті органдарының өкілдеріне табысталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети