Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының басшысына іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының басшысына іздеу жарияланды Талғат Ақуов ©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Талғат Ақовқа 23 миллион теңге қарызы үшін іздеу жарияланды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы сот актілерін орындау департаментінен хабарлады. Алдын ала анықталғандай, бұл ақшаны қауымдастық Николай Кан есімді кәсіпкерге берешек болып қалған. Әуезов аумақтық бөлімінің сот орындаушысы сот шешімін орындау барысында Ұлттық кәсіпкерлер қауымдастығының банктегі есепшоттарына, қаржыларына тыйым салды. "Сондай-ақ қарызға батқан адамның атында қозғалмалы және жылжымайтын мүлкі тіркелмегені анықталды. 2013 жылдың 26-қарашасы күні Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Ақуов Талғат Жаудұлынан түсініктеме алынған, онда Ақуов өзінің тұрғылықты мекен-жайын көрсеткен, алайда, ол онда тұрмайтын болып шықты",- дейді аталмыш ведомостваның баспасөз қызметі. Осыған байланысты сот ұйғарымымен Талғат Ақуовқа іздеу жарияланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети