Қазақстан мен ЕО Украинадағы ахуалды реттеуге жәрдемдеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен ЕО Украинадағы ахуалды реттеуге жәрдемдеседі Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Украинадағы ахуал Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық комиссия жетекшісі Жозе Мануэл Баррозудың Бельгиядағы келіссөздерінде талқыланған тақырыптардың бірі болды. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Еуроодақ Украинадағы ахуалды тұрақтандыруға жәрдемдесетінін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз Баррозу мырзамен бірге аймақтық, еуропалық және біздің аймаққа қатысты мәселелердің ауқымды бөлігін талқыладық. Біз екеуімізді де Украинада болып жатқан оқиғалар алаңдатады, санкциялар ешкімге де, әсіресе, Еуропа тарапының экономикасына да, Қазақстан мен Ресейдің экономикасына да көмектеспейді. Біз Украинадағы ахуалды тұрақтандыруға жәрдемдесуге бел буып отырмыз, ол жанжалдасушы тараптардың, тұтас әлем экономикасының дамуына кедергі келтіретін санкцияларды біртіндеп алып тастауға негіз болады", - деді Назарбаев Еуропалық комиссия төрағасымен бірге журналистердің алдында сөйлеген сөзінде.

Баррозу Қазақстанның "Украина жөніндегі үйлестірілген ұстанымын" оң қабылдайтынын айтты. ЕК басшысы Украина тәуелсіздігін толық сақтай отырып, жанжалды бейбіт жолмен шешуге қолдау білдіретінін де мәлімдеді. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан Президенті Бельгияда жұмыс сапарымен жүр, ол король Филиппен келіссөз жүргізді. Сапар қарсаңында Назарбаев Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кучмамен кездесіп, Украинадағы ахуал жайлы талқылаған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети