Қазақстан мен Финляндия президенттері Астанада EXPO көрмесіне барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Финляндия президенттері Астанада EXPO көрмесіне барды © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен бірге Финляндияның ұлттық павильонын аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен бірге Финляндияның ұлттық павильонын аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Екі елдің президенттері Финляндияның ұлттық павильонындағы экспозициялармен танысып, «Нұр Әлем» кешенінде орналасқан Қазақстанның көрме павильонын аралап көрді.

Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары көрме кешенінің Конгресс-орталығында екіжақты келіссөз жүргізді.

Нұрсұлтан Назарбаев С.Ниинистёге елімізге сапармен келіп, Финляндия павильонын ашуға қатысқаны үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

"Біздің қарым-қатынасымыз - үлгі етуге тұрарлық. Біз бірнеше рет түрлі әлемдік басқосуларда жүздестік. Финляндия "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу орнын таңдап, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі мәртебесін алу кезінде бізге қолдау білдірді. Қазақстан да халықаралық аренада Финляндияны әрдайым қолдап келеді, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті екіжақты байланыстарды дамытудың маңыздылығына тоқталып, өнеркәсіп, фармацевтика, ақпараттық технологиялар, білім және медицина сияқты салалардағы қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенімізді айтты.

Саули Ниинистё Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесудің ұйымдастырылғаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның жаһандық және өңірлік өзекті мәселелерді шешудегі рөліне тоқталды.

"Сіздің екіжақты қарым-қатынас мәселелеріне ғана емес, сонымен бірге жаһандық проблемаларға қатысты пікіріңіз де мен үшін әрдайым маңызды. Қазір бүкіл әлем Қазақстанда өтіп жатқан келіссөздерге көз тігіп отыр. Бұл -  Астанадағы Сирияға қатысты келіссөздер", - деді Финляндия Президенті.

Саули Ниинистё Мемлекет басшысына ұлттық павильонмен танысқаны үшін алғыс айтып, Финляндияға сапармен келуге шақырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети