Қазақстан мен Канада атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Канада атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланады Канада елшісі Шон Стайл мен СІМ орынбасары Ержан Ашықбаев. Сурет СІМ-нің ресми сайтынан алынды

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Канада Үкіметі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты СІМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Канада Үкіметі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты СІМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 2014 жылғы 14 тамызда ҚР Сыртқы істер министрлігінде Министрдің орынбасары Ержан Ашықбаев пен Канаданың Қазақстандағы Елшісі Шон Стайл кездесіп, 2013 жылғы 13 қарашада Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Канада Үкіметі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді пысықтаған.  Бүгін тараптар осы құжаттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындап, ноталармен алмасты.

"Күшіне енген келісім Қазақстан мен Канада арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың әрі қарай дамуының жаңа көкжиектеріне жол ашып, технологиялармен алмасуға және ауыл шаруашылығында, өнеркәсiпте, медицинада және энергетикада атом энергиясын пайдалану жөнiндегi бiрлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді" делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети