Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтатылды

ҚР Үкіметі жанындағы ВАК ҚР-да коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Үкіметі жанындағы ВАК ҚР-да коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады:

  • 2020 жылғы 29 қаңтардан бастап ҚР мен ҚХР арасында жолаушылар автобусының тасымалы уақытша тоқтатылды;
  • 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады;
  • 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады; 
  • ҚХР азаматтарына визалар беру тоқтатылды;
  • 2020 жылғы 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады, сондай-ақ 2020 жылғы 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды.

"Ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режимде қадағалауда. Биылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясымен сырқаттану оқиғасы тіркелмеген. Аталған мәселе ел басшылығының ерекше бақылауына алынған", - делінген хабарламада. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети