Қазақстан мен Қытай жауынгерлік әзірлік саласында өзара іс-қимылды кеңейтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Қытай жауынгерлік әзірлік саласында өзара іс-қимылды кеңейтеді ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мұрат Майкеев пен Қытай Халық-азаттық армиясы Құрлық әскерінің бас қолбасшысы Чжан Цзяньшэн. ©Ермек Сарбасов

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері жауынгерлік әзірлік саласында өзара іс-қимылды кеңейтетін болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері жауынгерлік әзірлік саласында өзара іс-қимылды кеңейтетін болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев пен Қытай Халық-азаттық армиясы Құрлық әскерінің бас қолбасшысы генерал-майор Чжан Цзяньшэн әскери саладағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелерін талқылады.

Халықаралық әскери ынтымақтастық шеңберінде өткен кездесуде Мұрат Майкеев ҚХР Халық-азаттық армиясы делегациясының Қазақстанға сапары жауынгерлік әзірлік саласындағы қарым-қатынастарды кеңейту мен тәжірибе алмасу үшін маңызды екеніне тоқталды. Өз кезегінде генерал-майор Чжан Цзяньшэн ШЫҰ аясында өткізіліп келе жатқан оқу-жаттығулар барысында көрсетілген қазақстандық әскери қызметшілердің кәсіби деңгейінің жоғарылығын атап өтті.

Сонымен қатар кездесу барысында әскери кадрлар даярлау және әскери ғылым салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне баса назар аударылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети