Қазақстан мен Ресей арасында қатынайтын пойыз билеттері арзандады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Ресей арасында қатынайтын пойыз билеттері арзандады © diapazon.kz

Қазақстан мен Ресей арасында қатынайтын пойыз билеттері арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Ресей арасында қатынайтын пойыз билеттері арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылдың 15 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында тікелей қатынайтын "ҚТЖ" ҰК АҚ (ҚР) және ААҚ  "Федералды жолаушылар компаниясы" (РФ) құрастырған халықаралық пойыздарда жүруге жеңілдіктер енгізіледі. Жеңілдіктер пайызы билеттердің сатып алу мерзімі мен оған деген сұранысқа байланысты өзгеріп отырады.

СВ және купе санатындағы вагондарға мынадай жеңілдіктер қарастырылған:
- Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 45 пайыз;
- Пойыздың жүруінен 30 тәулік бұрын сатып алса - 35 пайыз.

Плацкарт вагондар үшін:
- Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса - 35 пайыз;
- Пойыздың жүруінен 30 тәулік бұрын сатып алса - 25 пайыз.

Айта кетейік, мемлекетішілік бағыттар мен бір топ жолаушы бірге билет алған жағдайда бұл жеңілдіктер қолданылмайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети