Қазақстан мен Ресей премьер-министрлері алда болатын кездесуді талқылады

Дмитрий Медведев пен Кәрім Мәсімов. ©РИА Новости

Қазақстан мен Ресей премьер-министрлері алда болатын кездесудің күн тәртібі туралы талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін Қазақстан Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясындағы әріптесі Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті. "Әңгімелесу барысында екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды дамытудың өзекті мәселелері қаралып, сондай-ақ Мәскеуде ақпан айының басында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің алдағы отырысының күн тәртібі талқыланды", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Айта кетейік, Қазақстан мен РФ үкіметі басшыларының кездесуі Ресей астанасында 6 ақпанда өтеді. Еске сала кетейік, Кәрім Мәсімов пен Дмитрий Медведев өткен желтоқсан айында Алматыда кездескен болатын. Онда екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың, соның ішінде электр энергиясы, мұнай-газ, көлік және ғарыш салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама