Қазақстан Президенті алматылықтарды мәдениетті сөйлеуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті алматылықтарды мәдениетті сөйлеуге шақырды © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны дамыту және 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың дайындығы жөніндегі жиналыс кезінде қызмет көрсетуге көңіл бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны дамыту және 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың дайындығы жөніндегі жиналыс кезінде қызмет көрсетуге көңіл бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Елорда әлі күнге дейін осы жерде қалса не болар еді, елестетіп көріңіздер. Астананың өзінде адам саны өсіп келеді. Мұнда қалса не болар еді? Сондықтан да біз өндірісті, индустриалдық аймақты Алатау, Наурызбай аудандарынан салдық. Қалада тыныс алу жеңілдеу үшін орталықтан бар ауыртпалықты алып кеттік", - деді Назарбаев.

Оның айтуынша, қазір қызметкерлердің қызмет көрсетуі мен тәрбиесіне көңіл бөлу керек.

"Қазір қызмет көрсететін жұмысшыларды тәрбиелеу керек. Сатушының сатып алушы алдында артымен бұрылмауы, мейрамханаларда, қоғамдық көліктерде сыпайы қызмет көрсету қала үшін маңызды. Басқалар қазақтар әлі күнге дейін атпен жүреді деп ойламаулары керек. (...) Жол сұраса, боқтық сөз айтпай, жолды нұсқау керек. Қонақты қонақ ретінде қабылдау керек. Бұл елімізде бизнестің дамып, Алматының ғана емес, еліміздің имиджін қалыптастыруға көмектеседі", - деді Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети