Қазақстан Президенті Бельгияда болған терактілерге байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Бельгияда болған терактілерге байланысты көңіл айтты ©news_executive

Қазақстан Президенті Бельгия королі Филиппке Брюссельдегі терактілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Бельгия королі Филиппке Брюссельдегі терактілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы атынан және өз атынан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендерге денсаулық тіледі. Мемлекет басшысы еліміздің халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін терорризм мен экстремизмнің кез келген түрін айыптайтынын атап өтті және ел үшін қиын сәттерде Бельгия халқына әртарапты қолдау білдірді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Брюссель халықаралық әуежайында екі бірдей жарылыс болған. Ел билігі бұл әрекетті теракт деп таныды. Осыдан кейін тағы қаладағы метро станцияларының бірінде тағы бір жарылыс болды. Кейін елде теракт қатерінің ең жоғарғы, төртінші деңгейі енгізілді. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыстардан 28 адам қаза тауып, 81 адам зардап шеккен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети